ТЖ

Бескөл тұрғыны өрт сөндіруге көмектескен полицейлерге алғысын білдірді

Бескөл тұрғыны Құралай Тәженова үйінен өрт шыққан кезде дереу көмекке келіп, өрт сөндіруге жәрдемдескен тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді. Баспананың төбесі түтіндеп жатқанын көріп қалған үй иесі жанталасып әуелі өрт сөндірушілерге қоңырау шаламын деп 102-ге хабарласып қойған. Оқиға орнына бірінші болып тәртіп сақшылары жетеді. Белгілі болғандай, үй иелері түс кезінде пеш жаққан екен. Мұржадан шыққан ұшқыннан от тұтанады.

ЖАНБОЛАТ ӘДІЛОВ, Қызылжар ауданы полиция бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы:

– Дереу келдік. Бізді әйел адам қарсы алды. Түсіндіріп айтты түтін шығып жатыр деп, біз де түтінді сездік. Дереу баспалдақ қойып, шатырға мінсек үстінде үгінділер жатыр және қарағайлар жатыр. Сол бықсып жанып жатыр екен.

ҚҰРАЛАЙ ТӘЖЕНОВА, зейнеткер:

– Жүгіріп келіп анау лестницамен чердакқа шығып еді түтін қап-қара, түк көрінбейді. Жігіттер шелекпен су тасыды. Жүгіріп жүргенде пожарныйлар келді. Олар да бір жағынан сөндірді. Айтады ғой: «Оттан, судан сақтасын» деп. Сондай жағдай болды ғой. Погондағы жігіттерге рахмет айтамын. Звондағанда, келе қойғандарына. Жұмыстары жемісті, табысты болсын.

 

Гульден Симбаева