ТКШ

Жылыту маусымы аяқталады

Облыс орталығында жылу беру тоқтатылады. Бұл іс бүгіннен бастау алды. Бірінші кезекте жылудан көпқабатты үйлер ажыратылады. Кейін кезек мектептер мен медициналық мекемелерге келіп жетеді. Науқан толықтай 10 күн бойы жүреді. Қала әкімі Руслан Аңбаев тиісті қаулыға қол қойды. Айта кетейік, жылу беруді тоқтату үшін облыс орталығында ауа температурасы қатарынан 3 күн бойы 10 градустан төмен болмауы қажет.

 

Алдияр Айтпаев