Қоғам

Көші-қон полицейлері биыл 7 адамға ҚР азаматының куәлігін алуға көмектескен

Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар республикада 1994 жылы енгізілді. Бірақ, белгілі бір себептермен 74-ші жылғы үлгідегі паспортпен қалғандары да бар. Ондай жандар бірқатар қызметті алуда, төлемдерді рәсімдеу барысында кедергілерге тап болады. Осы орайда көші-қон қызметінің өкілдері құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жуырда мамандарға 49 жастағы қала тұрғыны келіп жолыққан. Азамат жеке басын куәландыратын құжатты уақытында ауыстырмай, созып жүріп алған. Полицейлер оның азаматтығын анықтап, жеке куәлігін әзірлеуге септесті. Жыл басынан бері көші-қон қызметінің мамандары облыстың 7 тұрғынына ҚР азаматының куәлігін алуға көмектесіпті.

 

Гульден Симбаева