Қазақстан жаңалықтары

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңесте қойған тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді белгіледі

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңесте қойған тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді белгіледі.

Палата төрағасы Мәжіліс пен Үкіметті оларды іске асыру төңірегіндегі күш-жігерді шоғырландыруға шақырды.

“Кеңес барысында Мемлекет Басшысы Үкімет пен жергілікті мемлекеттік органдардың назарын әр өңірдің бірінші кезектегі мәселелеріне аударды. Сенат Мәжіліспен және Үкіметпен бірлесіп Ел Президенті қойған міндеттерді іске асыру үшін қажетті заңнамалық шешімдер қабылдауға дайын. Сондай – ақ, біз жұмыс барысында көрсетілген міндеттерді басшылыққа алып, оларды Сенат қызметінің жоспарын іске асыру кезінде ескеруіміз керек”, – деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.