Экология

Шал ақын ауданының қос тұрғыны заңсыз ағаш кескен

Полицейлер қайың мен көктеректі заңсыз кесу фактісін анықтады. Шал ақын ауданы полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының қызметкерлері рейд барысында біреулердің көлік тіркемесіне ағаш тиеп жатқанын көріп қалады. Ер адамдар Жаңажол ауылы жақтағы орманнан 20-ға жуық жас көктерек пен қайың кесіп алған. Қолдарында рұқсат қағазы жоқ. 52 жастағы азаматтың айтуынша оған құрылыс материалы қажет болған. Қандай да бір құжат қажет екендігін білмепті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1-ші бабы бойынша материал жиналды.

 

Гульден Симбаева