БалаларҚоғам

Оқушыларға арналған патриоттық акция өтті

М.Қозыбаев атындағы университеттің әскери дайындық кафедрасына экскурсия ұйымдастырылды. Әлеуметтік жоба аясында қолға алынған іс-шараға №2 орта мектебінің оқушылары қатысты. Барлығы – 30 бала. 10-11 сынып оқушылары әскери техниканың түрлерімен жақын танысуға мүмкіндік алды.

ЕКАТЕРИНА ДОРОШЕНКО, С.Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектебінің оқушысы:

– Экскурсия өте қызықты өтті. Біз бірнеше нысанға барып, әскери құралдарды көрдік. Граната, тапанша мен өзге де қару түрлерін өз қолымызбен ұстап, танкінің ішіне кіріп көрдік.

Солтүстік Қазақстан университетінде оқу жылының басынан “Қоғамға қызмет ету” курсы өткізіліп тұрады. Жоспар бойынша әрбір оқу тобы әлеуметтік жоба әзірлеуі керек. “Мен Қазақстанның патриотымын” атты әлеуметтік жобасын алғашқы әскери дайындық мамандығының студенттері ұсынған екен.

ПАВЕЛ МОИСЕЕВ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ психологиялық қызмет жетекшісі:

– Балаларға экскурсия ұнады деген сенімдемін. Бұл шара балалардың бойындағы патриоттық сезімді арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Кафедраның ішкі тынысымен танысып, алдағы уақытта әскери маман болуға ынталарын ашуға септігін тиеді деген ойдамыз.

Азық-түлік технологы мамандығына оқып жатқан 3-ші курс студенті Нұрислам әскери дайындық кафедрасында да білім алып жүр. Әскери дайындық кафедрасын тәмамдағаннан кейін лейтенат шенін алады екен.

НҰРИСЛАМ ИЛЕСОВ – М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:

– 2-ші курсты аяқтаған кезде жазда әскери полигонға барып, практикалық түрде әр түрлі сынақтардан өтеміз. Одан кейін 4-ші курста ант қабылдап, әскери билетімізді аламыз.

Әскери кафедраға жыл сайын 100-ге жуық студент қабылданады. Қазір таңда 98 жас білім алуда.