БілімҚоғам

“Қарызсыз қоғам” жобасы іске қосылды

“АMANAT” партиясы мен белгілі бір банк қызметкерлері бірлесіп “Қарызсыз қоғам” жобасын іске қосты. Соның аясында проблемалық берешегі бар жандардың қаржылық сауатын арттыру көзделіп отыр. Яғни, өз қаражатын тиімді жұмсау, несиелік қарыз санын азайту сынды тақырыптар қозғалады. Дәрістер мамырдың 2-сінен басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Айта кеткен жөн, курс тегін. Бір топтың оқу мерзімі 5 күнді құрайды. Мамандар ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамтуды жоспарлауда. “Қарызсыз қоғам” жобасының алғашқы кезеңі ел бойынша 8 өңірде іске асырылады.

 

Гульден Симбаева