Құқық қорғау органдары

Жол-көлік апаты: СҚО-да 3 айда 3 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алған

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында бой көрсетті. Бұл жолы бас полицей аймақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылық деңгейін төмендету бойынша баяндама жасады.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– 3 айда Солтүстік Қазақстан облысында 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 3 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, облыс жолдарында 35 жол апаты орын алып, 11 адам қаза тапты, 50 адам жарақаттар алды. Анализ показывает, что самый частый вид ДТП – лобовое столкновение. Это 20 из всех 35 зарегистрированных аварий, в том числе – все случаи гибели людей и 45 ранений.

Жолдағы кез келген апат асыққаннан, темір тұлпарды жөнді басқара алмағандықтан және тиісті ережелерді сақтамағаннан орын алады. Соңғысы бойынша біраз дүние айта аламыз. Мысалы, жыл басынан бері өңірімізде 237 мас жүргізуші ұсталыпты. Оның 68-і – көлік жүргізу құқығынан айрылған адамдар. Яғни, бұған дейін ішімдік ішіп, рөлге отырған тұрғындар.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы:

– Көлік жүргізу құқығынан айрыла тұра рөлге ішімдік ішіп отырған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жаза – 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу. Сонымен қатар, тұлға темір тұлпарды басқару құқығынан өмір бойына айрылады.

Брифинг соңында Айдын Қабдұлдинов тұрғындарды абай болуға және ата-аналарды жазғы демалыс қарсаңында ұл-қыздарына түсіндіру жұмысын жүргізуге шақырды.

 

Байболат Култанов