Денсаулық сақтауБалалар

СҚО-да 21 балабақша желшешек ауруына байланысты карантинге жабылды

Өңірдегі 21 балабақша карантинге жабылды. Оған себеп – балалар арасында желшешек ауруының белең алуы. Мектепке дейінгі ұйымдардың 19-ы Петропавлда, қалған екеуі Айыртау және Тайынша аудандарында орналасқан. Өткен жылмен салыстырғанда ауруды жұқтыру көрсеткішісі биыл 3 есеге артқан. Жыл басынан желшешекті 1078 теріскейлік жұқтырған.

АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– 14 жасқа дейінгі балалар арасында 943 жағдай тіркелді. Желшешек – ол ауа арқылы жұғатын ауру. Бұл дертке шалдыққан адам 21 күн карантинде болады.

 

Алдияр Айтпаев