Аптадағы маңызды жаңалықтарҚұқық қорғау органдары

Сепаратистік ұйымның 3 мүшесі бүгін қамауға алынды

Бұл видео наурыз айында облыс орталығында түсірілгені елге аян. Үстел басына жайғасқан 19 адамның белсенділері Қазақстанның тәуелсіздігін жоққа шығарып, Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы тілектерін білдіруде. Бүгін орын алған жайтқа қатысты облыстық прокуратурада жиын өтті. Журналистермен жүздесуде қадағалаушы орган өкілдері сепаратизмді насихаттаған бірнеше күдікті таңертең адамның қамауға алынғанын мәлімдеді.

ҒАНИ ЖАЛБИ, СҚО прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы:

– Политологтың және басқа да мамандардың қатысуымен сот сараптамалары жүргізілді. Соның қорытындысына сәйкес, сепаратизм белгілері анықталды. Бұл қылмыс ауыр қылмыстар санатына кіреді. 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. Бүгін қылмыс жасады деген күдікпен істің 3 белсенді фигуранты ұсталып, қамауға алынды.

Бұл сепаратистік ұйымға мүше өзге адамдардың жазасыз қалады дегенді білдірмейді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес, шешім қабылданбақ. Прокурорлардың жауабын асыға күткен журналистер жиында белсенді болды. Іспен жақынырақ таныс тілшілер тарапынан спикерлерге біршама сұрақ қойылды.

ӨМІР ЕСҚАЛИ, Қазақстанның құрметті журналисі:

– Арасында 5 мұғалім бар. Мектеп директорларына, аудандық білім бөлімі басшыларына қатысты не шара қолданылды?

ҒАНИ ЖАЛБИ, СҚО прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы:

– Сіздерге қазір толық ақпаратты бере алмаймыз. Тергеу аяқталып, сот үкімі шыққасын толық ақпаратпен бөлісеміз.

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:

– Бірден елдің назарын аударған, қоғамның қызу талқысына түскен, әлі де талқыланып жатқан менің артымда орналасқан мекемеде болған. Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі. Қаланың қақ ортасында орналасқан нысан. Осындайда әрқайсымыздың көкейімізде мынандай сұрақ туындайды: сепаратизмді үгіттеуші жандар бұл колледжге қалай кірген?

МАКСИМ ДОРОВИК, СҚО прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры:

– Это общедоступная информация, каждый может посмотреть, что в OLX имеются объявления об аренде помещений колледжа. Т.е. любой человек может обратиться и арендовать. Так и здесь в данном случае получилось. Обратились, арендовали.

Жиында жалдау құны жайлы да сұралды. Алайда, көңілге қонымды жауап болмады. Тілшілер қойған сан түрлі сұрақ бойынша қадағалаушы орган өкілдері сот шешімі шыққан соң ғана сұхбат беретіндерін мәлімдеді. Ал тиісті кодекске сәйкес, тергеу амалдары күрделі мәселелер туындамаса, 2 айға созылады.

 

Байболат Култанов