Қоғам

Мамлюттік мемлекеттік қызметкер жаңа заң жобарымен танысты

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Елена Степаненко Мамлют ауданына барды. Жұмыс сапары барысында нәзікжанды әріптестерімен жүздесті. Дөңгелек үстел басында мемлекеттік қызметкерлер атқарылған жұмыстар мен заң жобасына енгізілген өзгерістерді тілге тиек етті.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Цифрландыруды дамыту” жобасы бойынша агенттікке рұқсат етілген мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде бұзушылықтың алдын алу функциясы берілген. Біз қызмет алушыдан арыз-шағым күтіп отырмай, мемлекеттік қызмет сапасын тұрақты түрде мониторинг жүргізу арқылы бақылаймыз. Кейде қызметтер уақытылы көрсетілмейді немесе негізсіз бас тарту жағдайлары орын алып жатады.

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 32 солтүстікқазақстандықтың мемлекеттік қызмет алу өтініші негізсіз қабылданбай қалған. Жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Қызметтерді жетілдіру де басты назарға алынған. Қазір заңнамаға “келісімшарттық қызметкер” ұғымы енгізілді.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Келісімшарттық қызметкер мемлекеттік қызметшіге жатпайды. Бұл бізге салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар тәжірибелі мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Келісімшарт мерзімі 1 жылдан аспайды. Бұл мамандардың қандай инвестициялық жобаларға қатыстырылатыны Үкімет қаулысында жария болады.

Кездесуде көпшілік жұмыспен қамтамасыз ету және ротация тақырыбына да тоқталды. Соңғы аталған үрдіс елде 7 жылдан бері қолданылып келеді. Осы уақыт аралығында 130 мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны ауыстырылған. 3 жылда бір өткізілетін ротация тәжірибе алмасуға және жемқорлықтың алдын алуға септеседі дейді.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігін СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Ротация ережесіне сәйкес оған іліккен маманды жаңа жұмыс орны және баспанамен қамтамасыз ету қажет. Қазіргі таңда елде мемлекеттік қызметшілерге ұсынылатын үйлер жетіспейді. Мемлекеттік қызметші үймен қамтамасыз етілмесе, ротациядан бас тартуына құқығы бар.

Кейін Елена Степаненко жеке қабылдауын өткізді. Бірінші болып нәзікжандыға өз сауалымен аудандық аурухана директоры Карина Грауверг жүгінді. Медицинада тәжірибесі мол маман енді мемлекеттік қызметте де тер төгуге ниеттеніп жүр.

КАРИНА ГРАУВЕРГ, Мамлют аудандық ауруханасының директоры:

– Өткен жылы өз кандидатурамды президенттік резервке ұсындым. Бірінші кезеңнен өттім. Екіншісінде жолым болмады. Сұрайын дегенім президенттік резерв қандай мүмкіндіктер береді? Менің салам бойынша бос орындар бола ма?

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Іріктеу 1-ші қыркүйектен басталады. Президенттік резервке өткен маманның кәсіптік білімі болса, ол сол сала басқармасының басшысы қызметіне тағайындала алады. Мәселен, сіз бейінді басқарма басшысы қызметін атқара аласыз.

Жұмыс сапары соңында Елена Степаненко аудандағы жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесті. Жастарға азаматша олардың құқықтары мен мүкіндіктері жайлы айтып берді.

 

Алдияр Айтпаев