Құқық қорғау органдары

Есірткі жасырумен айналысқан 21 жастағы жігіт ұсталды

– Так, извлекаем из кармана – полимерный пакет зиплок, внутри находятся свёртки, обмотанные изолентой синего цвета. Задержан закладчик соли.

Кезекті есірткі жасырушы. Жасы небәрі 21-де ғана. Жас болса да наша жасырудың қыр-сырын танып үлгерген жігіт ақпан айында көзге түсіп, жедел-іздестіру шарасы барысында қолға да түседі. Оны облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары ұстады.
Тінту барысында ақ түсті ұнтақ зат салынған 10 полимерлік түйіншек табылды. Жас жігіттің жауабын тексере келе полицейлер қала орталығынан есірткі жасырылған тағы 15 орын анықтады.

Жангелді Әпенов, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

– Сараптамаға сәйкес, алынған зат «тұз» атауымен синтетикалық есірткі болып табылады. Жалпы салмағы – 20,22 грамм. Қазір ұсталған адам қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекеті – 297-баптың 3-бөлігі «Аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау. 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Жыл басынан бері облыста есірткі сатты деген күдікпен 22 адам ұсталыпты. 12-сі – 25 жасқа толмаған жастар. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.