Қоғам

Елде жұмыссыз жастарды қолдау артады

Үкімет “NEET” санатындағы, яғни, кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау туралы қаулы қабылдады. Құжат бірқатар орталық мемлекеттік органның жұмысын айқындады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жұмыссыз қалған жастарға кәсіп табуына көмектесу тапсырылды. Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді. Ал Мәдениет және спорт министрлігі жастардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған мәдени және спорттық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жалпы, бүгінде елде жұмысы мен білімі жоқ жастардың үлесі 6,3% құрайды.

 

Алдияр Айтпаев