Экология

Бір қап шортан аулап алған ер адам айыппұл төлеуі мүмкін

Бір қап шортан аулап алған 59 жастағы ер адам 70 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Есіл өзенінен әрқайсысы 15 келіден асатын 8 шортан аулаған Шал ақын ауданының тұрғынына қатысты ҚР ӘК 383-бабының 3-бөлігі бойынша материал жиналды. Аталған бапта 20 АЕК-ге дейін айыппұл салу қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 15-сінен бастап облыс аумығында балықтардың уылдырық шашуына байланысты балық аулауға тыйым салынған. Осы орайда табиғат қорғау полицейлері арнайы рейдтік акция өткізіп жатыр.

 

Гульден Симбаева