МәдениетҚоғам

“Барлығымыз теңбіз” фестивалі

Өлең оқу, би билеу және ән айту. “Барлығымыз теңбіз” деген атаумен ұйымдастырылған фестиваль” 3 номинациядан тұрады. 3-сынып оқушысы Айсұлтан Қуандықұлы “Тұлпарым” әнін орындап жатыр. Ән айтумен қатар спортқа жаны жақын жеткіншек өнер байқауына анасымен бірге дайындалған екен.

АЙСҰЛТАН ҚУАНДЫҚҰЛЫ, оқушы:

– Мен бүгін әдемі ән айтып, жақсы билеуге тырыстым. Өнермен қатар спортпен айналысқанды жаным сүйеді. Теннис ойнағанды ұнатамын. Алдағы уақытта суда жүзуді үйренгім келеді.

Облыстық сайыс ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған. Оны М.Қозыбаев атындағы СҚУ-да “Мәдени тынығу жұмысы” мамандығы бойынша білім алып жүрген жастар ұйымдастырды. Мәдениет саласының болашақ мамандары ұстаздарымен бірге мектеп ұжымдарын қатыстыра отыра осындай шығармашылық мерекесін өткізуді жөн көрген.

ИРИНА РЕВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:

– Біз ерекше күтімді қажет ететін балалардың назарын аулағымыз келді. Өйткені, бұл бағытта өтетін іс-шаралар өте аз. Жүлделі орындар тағайындасақ, кейбір балалардың көңіл-күйі түсуі мүмкін. Сондықтан, бүгінгі фестивальде қатысушылардың барлығы жеңімпаз болады.

ӘЙГЕРІМ УӘЛИЕВА, №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің директоры:

– Бұл фестивальдің негізгі ерекшелігі – ерекше балалар қатысады. Өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.

Қалалық мектеп оқушылары қатысып жатқан фестиваль 8-ші мектепте өтті. Іс-шараға қатысқан балалардың барлығы арнайы дипломмен марапатталды. Аталған білім ұясында 2018 жылы инклюзияны қолдау кабинеті ашылған. Осы сыныпта 10 ерекше бала оқиды.