Ауыл шаруашылығы

Еңбек адамы

Өз ісіне жауапты әрі еңбекқор жан. Тоғжан Сейпиеваның әріптестері оның осы қасиеттерін ерекше бағалайды. Нәзікжанды 20 жылдан астам уақыт бойы Аққайың ауданындағы «Санта-Мария» серіктестігінде сауыншы болып жұмыс істеп келеді. Күнделікті азаматша 30 сиыр сауады. Түліктің денсаулығы мен астының таза болуы да, бұзауының дұрыс жетілуі де еңбек адамына жүктелген.

ТОҒЖАН СЕЙПИЕВА, Трудовое ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:

– Төлдеу алаңында жұмыс істеймін. Жас сиырлар бұзауламас бұрын оларды сол процеске дайындаймын. Массаж жасаймын. Әйтпесе, ертең теуіп, сауғызбауы мүмкін. Зеңгі баба төлін осында бұзаулатамыз. Төлдеген малдарды бірнеше күн басқа сиырлардан бөлек сауамыз.

Нәзікжанды ісіне сүйіспеншілікпен қарайды. Қазіргі таңда ол өзінің 20 жылдық тәжірибесімен өзгелермен бөліседі. Серіктестікке қосылған тың сауыншылар осы Тоғжан Сейпиевадан ақыл-кеңес сұрап, бой түзейді. Іс адамының еңбегін шаруашылық басшылығы да ерекше бағалайды. «Санта-Мария» серіктестігін басшысы Павел Леонов мұндай қызметкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді екен.

ПАВЕЛ ЛЕОНОВ, «Санта-Мария» ЖШС басшысы, Аққайың ауданы:

– Сәуірде Тоғжан төлдейтін 100 құнажынды күтпек. 2 жылдық жас сиырлардың біреуі күніне 30 литр сүт береді. Бұл нәтижеге Тоғжан сынды жұмысшылардың арқасында жетіп отырмыз. Серіктестік қызметкерлері жұмыс ауыстырмайды. Бәріне жайлы жағдай жасалып жатыр. Мал азығымен жыл бойы қамтамасыз етеміз. 13-ші жалақы береміз. Сауыншылар 180 мың теңге көлемінде айлық алады.

Қазіргі таңда Трудовое ауылындағы тегеурінді серіктестікте 1350 ірі қара бар. Жұмысшыларға келер болсақ, 100-ден астам адам еңбек етеді.

 

Алдияр Айтпаев