Қоғам

Соколовка ауылындағы көпір жайлы айтылды

Баспасөз брифингінде журналистер Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожиновтан Соколовка селосына апаратын көпір жайлы да сұрады. Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 10-ы күні понтон көпірдің бір жағы жағадан ажырап, ағыспен жылжып кеткен болатын. Оны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп үлгеріпті. Бұл жайтқа қатысты шенді былай деді:

МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Соколовка маңындағы көпір көктем және жаз мезгілінде алынып тасталады. Осыдан 2 күн бұрын жоспарланған жұмыс жүргізілді. Алайда, соңына дейін емес. Оқиға орнында кран понтон көпірдің бір жағын ажыратқан. Техника екінші жағына жеткенше, босатқан тұсы ағыспен жылжыған. Құрылым көп ұзамай жағаға бекітіледі.

 

Байболат Култанов