МТРА жаңалықтарыБілім

Студенттерге арналған семинар өтті

Қозыбаев университетінің қабырғасында “Кәсіби өсу” семинары өтті. “Өрлеу” филиалының мамандары болашақ мұғалімдерге Lesson study зерттеу әдісін қолдануды үйретуде. Бұл кабинетте бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасының студенттері жиылған. Олар топ-топқа бөлініп, заманауи педагог қандай болу керектігі жайлы баяндауда. Динара Алдабергенқызы 2-ші курста оқиды. Айтуынша, заманауи мұғалімнің түсінігі мол болуы қажет.

ДИНАРА АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ, студент:

– Lesson study зерттеу әдісі ең білікті әдіс болып табылады. Себебі, оқушыларға жан-жақты, ұжыммен, топпен қалай жұмыс жасау керектігін үйретеді. Қазіргі заманауи мұғалім түсіністігі мол, байқампаз, сарапшыл болуы керек. Әрбір болашақ мұғалім осы Lesson study-ді қолдану барысында оқушылардың жаңашыл көзқарастарын қалыптастыра алады деп ойлаймын.

Айта кетейік, Lesson study әдісі 19-шы ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда пайда болған. Бүгінде сабақты зерттеу әдістемесі Канада, Швеция, Ұлыбритания секілді дамыған мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Осы зерттеу әдісі бүгінде қазақстандық мектептердің 90 пайызында қолданылады.

ГҮЛМАЙДА МҮСЕТАЕВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы:

– Бұл – біздің студенттермен өткізіп отырған алғашқы семинар. Жаңа тақырып болғаннан кейін студенттер қызығушылықтарын арттырып отырды. Бүгінгі күні білім сапасын арттыруда Lesson study зерттеу сабағын ұйымдастыру маңызды.

Жиын соңында студенттер біліп-түйгендерін қағаз бетіне түсірді.

 

Гульден Симбаева