Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 59 қылмыс қайта жасалған

Бұрын сотты болғандар тізімдік есепке қойылады. Бас бостандығынан айыру орындарында өзін жүйелі бұзушы ретінде көрсеткендер ресми түрде қадағаланатын адамдар ретінде есепте тұрады. Құқық бұзушылық жасалған жағдайда әкімшілік қадағалау белгіленеді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар үшін де белгілі бір талаптар бар. Облыстың учаскелік инспекторлары қаңтар айынан бастап шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 14 адамға қатысты материал жинады. Олар бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Жыл басынан бері облыста алынбаған және өтелмеген соттылығы бар жандар жасаған 59 қылмыс тіркелді. 30-ға жуығы ұрлық, 7-еуі ұсақ ұрлық, қалғаны алаяқтық пен тонау. Облыста барлығы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 244 адам, ресми түрде қадағалауға алынған – 312 және әкімшілік қадағалаудағы 27 адам есепте тұр.

 

Гульден Симбаева