Полицейлер ұл-қыздардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында акция өткізіп жатыр. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары мектептерге барып, оқушыларды қауіпсіздік ережелерінен құлағдар етуде. Оларға жолдарға жүгіріп шығуға және оның маңында ойнауға болмайтыны айтты. Мамандармен кездесу барысында жастар бағдаршам мен жол белгілерін еске түсіріп, пысықтады.
ӘСЕМГҮЛ ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Облыстың барлық оқу орындарында оқушылармен, әсіресе мектепке өзі барып-қайтатын оқушылармен сабақтар өткізілуде. Онда жол қозғалысы ережелерінің, сондай-ақ, жолдар мен аулаларда қауіпсіздік тәртібінің негізгі талаптары жеткізілді.
Акция барысында мамандар қала көшелерінде де тексеру өткізді. 7 күн ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған және балалар креслосын пайдаланбаудың 62 фактісі тіркелді. Жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 52 жағдайы анықталды. 657 адам жауапқа тартылды. Олар жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен.