Кәсіпкердің мәселесі назарсыз қалмады! Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне айыртаулық азамат жергілікті әкімдік жер комиссиясын өткізуден бас тартып отырғанын хабарлаған. Мемлекеттік органға жүгінген шаруа серіктестіктердің бірінің қатысушылар құрамынан 1285 гектар жермен бөлек шығыпты. Алайда, учаскені мемлекеттік тіркеуден өткізе алмаған екен. Себебі, 361 га алқап бойынша жерге орналастыру жобаларын әзірлеу ұзаққа созылған. Мәселені зерттей келе атқарушы органның жауапты қызметкерлері диқанға 2 жылдан астам уақыт әкімшілік кедергі тудырғаны анықталды. Дегенмен, түйткіл шешілді. Проблеманы қараушы тарап пен аудан басшылығы арасында өткен кездесуде жер комиссиясының отырысы ұйымдастырылып, кәсіпкердің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылданған.
Байболат Култанов