Қоғам

Ауылдарда үй салатын құрылыс компанияларын субсидиялау басталды

Бұқараны баспанамен қамту – мемлекеттің басым бағыттарының бірі! Келешекте Қазақстанда ауыл тұрғындары үшін 2800-ден астам тұрғын үй салынбақ. Ол үшін 14,3 млрд теңге қарастырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Ауыл тұрғындарына жалға берілетін тұрғын үй салушылардың шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл азаматтарына 2 855 тұрғын үй салу жоспарланған. Бұдан басқа, ауылда жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жыл сайын 22 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациямен қамтамасыз етіледі.

 

Байболат Култанов