Петропавл тұрғынынан есірткінің түр-түрі тәркіленіп жатыр. 36 жастағы нәзікжанды облыстық прокуратураның үйлестіруімен өткен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұсталды.
ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:
– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ірі интернет-дүкеннің синтетикалық есірткілерін бөлшектеп таратумен айналысқан Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады.
Есірткімен ұсталған петропавлдықтың тұрғылықты жерін тінту кезінде де табылды. Онда есірткі қылмысымен күресушілер 2 полимерлі ыдыс және сатуға дайындап қойған түйір зат салынған 109 полимерлі түйіншек анықтады. Сондай-ақ, электронды таразылар, “зиплок” пакеті сияқты өзге де дүниелер тәркіленді.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бойынша табылған заттар салмағы 155 грамнан асатын α-PVP синтетикалық препараты мен және 129 грамға жуық мефедрон болып шықты. Сондай-ақ, 50 грамм гашиш анықталды. Күдікті қамауға алынды. Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Алдияр Айтпаев