Қоғам

Үй ішінен үй тігуге жол жоқ!

“Возрождение” Солтүстік Қазақстан немістер қоғамы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Евгений Кинцель үй ішінен үй тігуді көздейтіндердің ісін құптамайды. Мына видео кешеден бері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бір топ адам қатысқан жиында бірнеше белсенді сөй сөйлеп, өздерінің “Халықтық еңбекшілер кеңесін” құрғанын және Қазақстаннан тәуелсіз екендерін жариялайды. Сондай-ақ, еліміздегі білім беру жүйесіне, дүкен сөрелеріндегі азық-түлікке, дәрі-дәрмек пен вакцинаға қатысты қарсылықтарын білдіреді. Қазір құзырлы органдар бұл жайтқа қатысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ЕВГЕНИЙ КИНЦЕЛЬ, “Возрождение” Солтүстік Қазақстан немістер қоғамы” ҚБ төрағасы:

– Біз арандатуға бой алдырмауымыз қажет. Тәуелсіз елімізде ұлтаралық араздыққа жол жоқ! Осыны ұғынуымыз қажет. Құзырлы органдар тиісті жұмыс жүргізіп, өзекті мәселені түпкілікті шешетіндеріне сенімдімін.

 

Байболат Култанов