ТЖ

ТЖД мамандары өртке қарсы рейд өткізіп жатыр

Облыс орталығының шеткі аумақтарында қамысты жерлер көп. Күн құрғақта оған от түссе лап ете қалуы мүмкін. Жақын жерде тұрғын үйлер мен нысандар орналасса, тіпті қауіпті. Өткен жылдың көктемінде қалада 100 гектарға жуық жерде қамыстың тұтануынан 40-қа жуық өрт тіркелген болатын. Бірқатар саяжай учаскелері мен шаруашылық нысандарына, көліктерге зақым келді. Осы орайда ТЖД қызметкерлері рейд жүргізіп жатыр. Мамандар тұрғындарға қамыстан келетін қауіп жайлы түсіндіріп, оны жоюдың қажеттілігін айтты.

 

Аснурия Абдула