Қоғам

ҚХА өкілдерінің пікірі

Арандатушылықты көздеген топтың әрекеті ойға қонымсыз дейді облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері. Олар әлеуметтік желіні шарлаған видеодан облыс тұрғындарын адамдардың үндеулеріне көнбеуге шақырды. Ассамблея өкілдері оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары тексеруі керек деп есептейді.

ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, СҚО ҚХА төрағасының орынбасары:

– Олардың қалай және қай жерде жиналғаны белгісіз. Жиналған зал да біздің өңірде орналаспауы әбден мүмкін. Құқық қорғау органдары тиісті шаралар қабылдауы керек.

АЛЛА КУВШИНОВА, СҚО ҚХА қайырымдылар клубының төрағасы:

– Біз тәуелсіз Қазақстанды дамыту жолында еңбек етудеміз. Әрдайым бейбітшілік пен келісімді қолдаймыз. Бұдан былай арандатушылықтың түбегейлі тамыры жойылады деп ойлаймыз.

 

Гульден Симбаева