Мәдениет

Топ жарып жүрген жергілікті би ұжымдары

Биыл жергілікті “Экспромт” халықтық би театрына 34 жыл толып отыр. Келесі жылы 35 жылдық мерейтойларын тойлағалы отыр. Ұжымның алған асулары мен жеткен жетістіктері жетерлік. Әр оқу жылының басынан, яғни қыркүйек айынан қызу дайындық басталады екен. Театр ұжымында 2 құрам бар: 8-9 жас аралығындағы балғындар мен 13-15 жастағы жасөспірімдер.

Шетелге шығып, шыңдарды бағындырып жүрген ұжымдардың бірі – “Движение” ансамблі. Құрылғанына биыл 43 жыл толады. Ұжымда 60-қа жуық бала бар. Ансамбль қазір есептік концерттерін өткізуге дайындалып жатыр.

ОЛЬГА ГОЛУБЕВА, “Движение” ансамблінің жетекшісі:

– Алдағы уақытқа құрып отырған жоспарларымыз көп. 30-сәуір күні есеп беру концертін өткіземіз. Мамырдың 28-інде өңірімізде өтетін конкурсқа қатысамыз. Ал, жазда Бурабайға іс-сапармен барамыз.

 

Аснурия Абдула