Қоғам

СҚО-да алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 адам табылды

Тайынша ауданында алимент төлеуден жалтарып жүрген ер адам ұсталды.
Шалғай ауылдардың бірінде тұратын 27 жастағы жігіт 3 жасар қызына тиесілі төлемді төлемей қойған. Полиция қызметкерлері осы және тағы 8 адамды үш күннің ішінде анықтады. Айыппұл төлемей жүрген 6 борышкердің де тұрақты мекенжайы нақтыланды. Туыстарымен байланысқа шықпай қойған 60 адам іздестіріліп жатыр. 45-і шекара асып кеткен. Оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды.

 

Гульден Симбаева