Құқық қорғау органдары

Өңірде ішімдік ішу салдарынан жасалатын қылмыс азайған

СҚО-да биыл ішімдік ішкен күйде 100-ден астам қылмыс жасалған. Масайып алғандар көбінесе ұрлыққа барады дейді тәртіп сақшылары. Көп жағдайда ұялы телефон мен ақша қолды болады. Жыл басынан бері өңірде мұндай 36 жағдай тіркелді. Сонымен қатар, 5 – кісі өлтіру, 15 – ауыр және 9 – денсаулыққа орташа деңгейде зиян келтіру, 6 тонау фактісі тіркеліпті. Осы ретте тағы бір статистикаға тоқтала кетсек, биыл полицейлер қоғамдық орында ішімдік ішкен және мас күйде жүрген 2600-ден астам адамды анықтады. Ішімдікке тәуелді болған 50-ден аса адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Құқық қорғау орган өкілдерінің айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл масаң күйде қылмыс жасау 19,4%-ға азайды.

 

Алдияр Айтпаев