Спорт

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында спорттық спартакиада өтті

Облыстың құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Динамо» стадионына жиналды. Волейбол ойыны бойынша бақ сынасып, нағыз мықтыны анықтамақшы. Алдыңғы 2 күнде облыс аудандарында іріктеу жарыстары өткен болатын.

ЕРЛАН ҚАБДУАЛИЕВ, СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бөлім бастығы:

– Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салты және дене шынықтыру дайындығын арттыру. Волейбол ойыны – бұл командалық ойын болғандықтан, өзара команданы ұйымдастыру, ұжымдастыру, өзара бір-бірін түсіну болып табылады.

Ойын қорытысындысы бойынша 3-ші орынға қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері ие болды. Олар жартылай финалға дейін жеткен қалалық полиция басқармасының құрамасын жеңді. Ал департамент аппаратының қызметкерлері Ұлттық ұлан академиясының құрамасымен сынға түсті. Ойын нәтижесі 2:0 есебімен аяқталып, бірінші орынға полицейлер тұрақтады. Енді олар үшінші тур – Президенттік шақырым күтіп тұр.

ӘЛИ БАЗАРҚАН, ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанты:

– Біз ДУИС командасымен ойнап, оларды 2:0 есебімен ұттық. Сонымен қатар, жартылай финалда біз қалалық департамент полициясымен тартысқа түсіп, 2:0 есебімен шаң қаптырдық. Осы финалда полиция департаментімен ойнап, өте тартымды ойын болды. Бірақ, 2:0 есебімен жеңілдік.

Барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары таратылды.

 

Аснурия Абдула