Балалар

Қазақстанда балаларға арналған ірі орталықтар құрылмақ

Қазақстанда 2027 жылға дейін балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы құрылмақ. Нәтижесінде жаз мезгілінде жұмыс істейтін орталықтардың қамту көрсеткіші – 25 пайызға, жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдардың қамту көрсеткіші 2 есе өседі. Былтыр барлығы – 250 мыңнан астам бала демалған. Қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен бөлінеді, оған қоса бұл шаруаға инвесторларды да тарту көзделіп отыр. Оқушылар сарайына қарайтын 100 нысанның құрылысы республикалық бюджет есебінен іске асырылады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде ұл-қыздарға арналған 210-нан астам сауықтыру орталығы жұмыс істейді, оның 120-сы мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік.

 

Самал Жунусова