Құқық қорғау органдары

СҚО-да «Stop трафик» шарасы өтуде

Полицейлер Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Жиында құлдық пен адам саудасы мәселесі қаузалды.
Тәртіп сақшылары адам саудасымен байланысты қылмысқа қатысы бар жандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айтты. Жастарға арам ойлы адамдардың алдап-арбау тәсілдері жайлы баяндады.

– Есть неоднократность таких историй, в которых девушки попадались на некоторые уловки людей, которые могли бы ими манипулировать.

РАХАТ НҰРАХМЕТОВ, СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары:

– Студенттер арасында зорлық-зомбылықпен, еңбекпен, жыныстық қанаушылықпен күресуге бағытталған сындарлы диалог өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – аталған қылмыстардың алдын алу. Басты міндет – фактілерді баяндау, аналитика емес, оларға жол бермеу бойынша алдын алу шаралары.

 

Самал Жунусова