Қоғам

Жуырда болған сайлауға өңір халқының 65 пайызы қатысты

Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев сайланған депутаттар ел дамуына зор септігін тигізеді деген үмітте. Айта кетейік, осы жолы 7 млн-ға жуық қазақстандық дауыс берген.

ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Өткен сайлау маңызды болды. Отбасыларымен, балаларымен келіп дауыс беріп жатты. Біздің кандидаттарды қолдады. Мен сенемін, біздің депутаттар өз айтқан сөздерінде тұрады. Біздің облысымызға үлкен септігін тигізеді.

Ел бойынша сайлауда өңір тұрғындары белсенділік танытқан. “Ел келешегіне азаматтар немқұрайлы қарамайды. Өз ұстанымдарын олар осы сайлауда білдірді”, – дейді химия-биология бағытындағы НЗМ директоры Данияр Уәлиев.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, химия-биология бағытындағы НЗМ директоры:

– Кандидаттар ТЭЦ жылуы бойынша, сонымен қатар, әлеуметтік жол, білім саласына қатысты сұрақтарды көтерді. Енді жеңіске жеткен депутаттар осы сұрақты босқа тастамай, әрі қарай шешімін іздейді деп ойлаймын.

Айта кетейік, облыстық мәслихаттағы орындар үшін 6 партия бақ сынасқан болатын. Оның ішінде ең көп дауыс жинағаны – “Amanat” пратиясы.

 

Гульден Симбаева