Қоғам

Полиция қызметкерлері мен студенттер волейбол алаңында сынға түсті

Наурыз мейрамын мерекелеу күндері Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен студенттер волейбол алаңында сынға түсті. Аумақтық полиция бөлімдерінің тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері жарысты алдағы дәстүрлі тергеу органдарының күніне арнады. Солтүстік Қазақстан университетінің абыройын болашақ заңгер студенттер қорғады.

УӘЛИХАН МҰХТАРОВ; Айыртау ауданының ПБ аға тергеушісі:

– Қарсыластар мықты екен. Бүгінгі дайындық жақсы. Осындай спорттық шаралар көбірек болса екен деп ойлаймын.

Үшінші орынды Жамбыл және Мамлют аудандарының полиция бөлімдерінің біріккен командасы иеленді. Екінші орынға Айыртау ауданының тергеушілері тұрақтасы, бірінші орынды петропавлдық полицейлер иеленді. Жас студенттерге тәжірибелі қызметкерлермен додаға түсу оңай болмағаны анық. Дегенмен, жастар “Жеңіске деген ерік-жігері үшін” номинациясында үздік атанды.

 

Аснурия Абдула