Құқық қорғау органдары

Петропавлдың такси жүргізушілерін сан соқтырған өскемендік ұсталды

Әкімдікке азық-түлік жеткізуге тапсырыс беріп, қарызға 20 мың теңге сұрап отырған. Тауарды табыс еткен кезде есеп айырысып, қарызды қайтаратынын айтқан. Осындай әдіспен 3 петропавлдық такси жүргізушісін алдаған жігіт құрықталды. Оны полиция қызметкерлері Өскеменге барып ұстады. Ол 21 жастағы жігіт болып шықты.
Қазір күдіктінің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар ма, жоқ па, сонысы тексеріліп жатыр.

 

Аснурия Абдула