СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі су тасқынына дайындық барысын бағамдады

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында болды. Мұнда өңір жетекшісі су тасқынына қарсы қабылданып жатқан шаралармен танысты. Сондай-ақ, арнайы құрылыстардың қауқарын бағамдады. Кейін облыс әкімі Ойқала шағын ауданындағы бөгетте болды. 60-шы жылы салынған су қорғанысы күрделі жөндеуді қажет етеді. 2017 жылы болған су тасқыны кезінде нысан бүлінген. Биыл бөгетті ретке келтіру жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, құжат қазір сараптамадан өткізіліп жатыр екен. Өңір жетекшісі қала әкімі Руслан Аңбаевқа бұл істі жеделдетуді тапсырды. Былғары зауыты және Заречный кенттеріндегі бөгеттерде де су тасқыны басталғанша дейін шешілуі тиіс мәселелер бар. Жалпы, қауырт маусым кезінде Сергеев және Петропавл су тораптарына баса назар аударылады.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, СҚО ТЖД бастығы:

– Сергеев су торабы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Петропавлдағы нысанның сыйымдылығы 24,5 млн текше метрді құрайды. Алдағы уақытта су ағысы қатты болса, осы маңайдағы қозғалысты шектеу жоспарланып отыр.

Әзірге, облыстағы жағдай тұрақты. Өткен жылы Сергеев су торабына 800 млн текше метр су құйылған. ТЖД мамандарының сөзінше, бұл соңғы 5 жылдағы көлемнің ең азы.

 

Алдияр Айтпаев