Қоғам

Қазақстанда 2 айда 2,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында 2,1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,2%-ға көп екен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспананы қолданысқа тапсыру бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Мұнда жоспар 102,2%-ға орындалған
Бұл ретте 20 өңірдің үшеуінде, яғни Солтүстік Қазақстан мен Ұлытау облыстары және Астанада тұрғын үйді пайдалануға берудің теріс динамикасы байқалады.
Жалпы, биыл ел бойынша 18 902 пәтер қолданысқа тапсырылыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,5%-ға көп. Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй құрылысының нақты құны 370 млрд теңгеден асты. Қаражаттың үштен бірі, яғни 103 млрд теңгеге жуығы Алматыдағы тұрғын үй құрылысына жұмсалды.