Экология

Елімізде “Жер сағаты” акциясы өтеді

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:

– Дүниежүзілік “Жер сағаты” акциясы. Жыл сайын аталған шарада еліміздегі мемлекеттік мекемелерде, кейбір көшелер мен дүкендерде электр энергиясы уақытша сөндіріледі. Бастамаға қарапайым тұрғындар да қатыса алады. Жерлестеріміз бір сағат көлемінде үйдегі жарықты сөндіре тұрса болғаны. Мұндағы мақсат – халықты жарық пен өзге де ресурстарды үнемдеуге, табиғатқа қатысты өзекті мәселелерді бірлесе шешуге шақыру.

Биыл бұл акция наурыздың 25-ші жұлдызына белгіленіпті. Дәлірек айтсақ, кешкі 20:30-дан 21:30-ға дейін өтеді.

АСХАТ МӘКЕНОВ, СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:

– Акция еліміздің табиғатын сақтау тақырыбында өтеді. Еліміз бұл акцияға 2009 жылдан бері қатысып жүр. Өңірдегі өзекті мәселелер күкіртсутегі мен заңсыз қоқыс алаңдарының пайда болуымен байланысты.

Соңғысымен күрес бойынша жұмыстар өз нәтижесін беруде. Заңсыз қоқыс алаңдары ғарыштағы спутниктер арқылы анықталуда. Мәселен, соңғы жылдары облыс орталығы маңында мұндай 230-дан астам учаске тіркеліпті. Оның 98%-ін жергілікті атқарушы органдар жапқан екен.

 

Алдияр Айтпаев