Құқық қорғау органдары

3 күнде 9 ұрлық тіркелді

Осы үш күнде “102” арнасына облыс бойынша 1 100-ден астам қоңырау келіп түскен. Кешкі 6 кезінде басталған хабарламалардың келуі түнгі 3-ке дейін толастамаған. 200 жағдайда полицияның жедел әрекеті қажет болды дейді мамандар. Ұрлық фактілері бойынша – 9, дене жарақатын келтіру бойынша – 19, отбасылық жанжалдар – 15, сондай-ақ, түнгі уақытта жұрттың тынышын алған жандарға қатысты 12 жайт тіркелген. Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға 200-ден астам әскери қызметші мен полицейлер жұмылдырылды. Көшедегі камералардың көмегімен 120 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның 49-ы жол ережесін бұзуға қатысты.