Қоғам

Петропавл аудандарында Наурыз тойланды

Қаламыздың аудандарында да Наурыз мейрамы тойланды. Петропавлдағы “City Mall” ойын-сауық орталығында мерекелік атмосфера. Мұнда ән де шырқалуда, би де биленуде. Концерттік бағдарламаның шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармонияның әртістері ашты. Олардың туындыларын тұрғындар тамсана тыңдады.

Наурыз мейрамын спорттық ойындарсыз елестету мүмкін емес. Орталыққа жиылған жігіттер арқан тартудан сыңға түсті. Жеңімпаздарға шағын сыйлықтар таратылды. Білген маңызды, Наурыз – берекенің бастауы. Мейрамда адамдар бұрынғы реніштерді ұмытып, жүздесулері, бір-біріне тілек білдірулері тиіс.

– Құрметті қазақ елі, ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын. Әрқашан бірлік болсын.
– Осы мейрамда қазақ ұлты бірігіп, дастарханда басымыз қосылады. Наурыз мерекесі береке әкелсін!
– Наурыз – ең керемет мереке. Елімізде ауызбіршілік болсын! Барша халыққа тек жақсылық тілеймін!

Шара соңында петропавлдықтар дәмді тағам мен тәтті шәйдан ауыз тиді.

 

Самал Жунусова