Қоғам

Наурыздың Мамлют ауданында тойлануы

Әз Наурыз еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Өңіріміздің барлық аудан орталықтары, елді мекендері де мерекенің сән-салтанатын сезініп жатыр. Мамлютка қаласында да ұлттық ойындар ойнатылып, қазақтың салт-дәстүрі дәріптелді. Ал орталық алаңдағы мерекеге жүздеген адам жиналған. Барлығы бір-біріне ұлыс оң болсын, ақ мол болсын деп тілегін жаудырды.

Наурыз мейрамында дәстүр бойынша мол дастархан жайылып, көпшілік бір-бірін қонаққа шақырады. Орталық алаңда да қазақтың етімен бірге палау мен әр түрлі ұлттық тағамдар дайындалды. Тағамдардан келген көпшілік дәм татып, мерекемен құттықтады. Одан бөлек спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шум: поднимают барана.

Мерекеге келген көпшілік бар ынталарымен жарыстарда бақ сынасып, бір-бірін мерекемен құттықтап жатты.

Есілбай Омаров, Мамлют ауданы БЖСМ директоры:

– Бүгін Мамлютка қаласында Наурыз мейрамын тойлап жатырмыз. Біз осында әр түрлі спорттық жарыстар өткізіп жатырмыз. Жілік жару, гір көтеру, қой көтеру қол күрес сынды ойындар. Қатысып жатқандар көп. Жарыстар өте қызықты болып жатыр.

Ұлыстың ұлы күні мерекесін тойлауға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін келген. Ал Наталья Лукашова орталық алаңдағы мейрамды елмен бірге тойлауға отбасымен бірге келген. Ол биылғы мерекелік атмосфера көпшіліктің көңілінен шыққанын айтады.

Наталья Лукашова, аудан тұрғыны:

– Бәрі ұнап жатыр. Халық көп жиналыпты. Барлығы қуанышты, көңіл күйлері көтеріңкі. Келгендерге мол дастархан жайыпты. Ауа райы да көктемнің келгенін байқатып тұр. 

Аудан тұрғындары Наурыз мерекесі шын мәнінде халықтық мерекеге айналғанын айтады. Жерлестерді әз Наурыз мейрамымен құттықтады.

Қазақ халқының жаңа жылы – жақсылық пен молшылықтың бастауы. Сондықтан, Наурыз мейрамын қалай қарсы алсаң, бүкіл жыл да солай табысты болады дейді көпшілік.