Қоғам

Мереке гуманитарлық-техникалық колледжінде де аталып өтілді

Гуманитарлық-техникалық колледж маңында да мерекелік атмосфера. Жылдағы дәстүр бойынша мұнда Наурыз мерекесі тойлануда. Мекеме оқытушылары мен студенттері ән айтып, би билеп жатыр.

Наурыз мерекесін ұлттық ассыз елестету мүмкін емес. Ұлыстың ұлы күніне орай жастар өз қолдарымен құрт пен Наурыз көже дайындап әкеліпті. Сондай-ақ, 1-2 курс студенттері арасында бауырсақ дайындаудан сайыс ұйымдастырылыпты.

АЛМАТ МӘКІШЕВ, Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы:

– Сайысқа әр топ әр түрлі тәтті бауырсақ дайындап әкелді. Конкурс жоғары деңгейде өтті. Балалардың белсенділігі өте жоғары болды. Қазір бауырсақтарды студенттерге таратамыз.

Бауырсақтарға жастар тоспа, жеміс-жидек пен құрт қосқан екен. Ал Роман Кайзер нанға ешқандай артық қоспа қоспапты.

РОМАН КАЙЗЕР, Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:

– Нанға айран қосып иледік. Бауырсақтар тәтті әрі жұмсақ болды. Өзге бауырсақтардан дәмі ерекше. Себебі, үйреншікті рецеппен әзірленген.

Колледж алдында мерекелік концерт те ұйымдастырылды. Оған да студенттер қатысты.

 

Алдияр Айтпаев