Қоғам

Ораза айына санаулы күн қалды

Рамазанның басталуына 1 апта қалды. Көктен Құран түскен қасиетті айды жамағат асыға күтіп отыр. Ағайын ораза ұстауға ниетті. 5 парыздың бірін орындау арқылы адам баласы ас-судан тыйылады, рухани тұрғыда тазарады. Ниет еткен жанның біліп-білмей істеген күнәлары кешіріледі.

ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ, «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Биыл Рамазан айы Алланың қалауымен 29 күнге созылады. Бұл айдың толуына байланысты. Оразаның мақсаты – адамның өзгеруі, өз-өзіне есеп беруі. Егер ораза кезінде адамның бойында 30 күн бойы ешқандай өзгеріс болмаса, ол оразаның пайда бермегені деген сөз. Бұл айда жанжалдасып қалған туыстарыңызбен бірінші болып татуласу қажет.

Ораза ұстауға денсаулығы жарамайтын адамдар фидия садақасын береді. Яғни, әр күн сайын ас-су ұсынып, бір адамның аузын ашып отырады. Биыл пітір садақаның мөлшері 535 теңгені құрайды. Ол – еліміздегі 2 келі ұнның бағасы. Айта кетейік, Қадір түні 17-ші сәуірден 18-іне қараған түнге түсіп тұр. Ал Рамазан айының соңғы күні – сәуірдің 20-сы.

ХАМЗАТ ҚАЖЫМҰРАТҰЛЫ,«Қызылжар» облыстық орталық мешітінің бас имамы:

– Оразаға жоспар құру керек. Оразаның әр күні берекелі, ол басқа күндерден мың есе артық. 20 күн бойы Құран оқысаңыз, сіз Рамазанды жоғары деңгейде өткіздіңіз дегенді білдіреді.

Құрбан айт Рамазан айынан кейін 70 күндесін тойланады. Бұл кезде мұсылмандар Ұмра қажылығына аттанады.

 

Гульден Симбаева