Kurultai banner mobile

БалаларМәдениет

Облыстық “Наурыз бояулары” сайысының жеңімпаздары анықталды

Оқушылар сарайында да мерекелік атмосфера. Нысан кіреберісінде көрме қанат жайған. Мұнда аудан және қала жастарының жұмыстарды мен мұңдалап тұр. Жеткіншектер наурыздың 1-ші жұлдызынан бүгінге дейін бұл суреттерді “Наурыз бояулары” сайысына арнайы салыпты. Көрмеге тек жеңімпаздардың суреттері қойылыпты. Мекеменің екінші қабатында сайыста топ жарған таланттар марапатталды.

Суреттер 7 номинация бойынша бағаланды. 16 жастағы Дәния Мерғалимова кескіндемеде топ жарды. Қағазға ол домбыра тартып ортекені билеткен қазақ қызын түсірген. Сондай-ақ, картинаны ұлттық оюлармен әсемдей түсіріпті.

ДӘНИЯ МЕРҒАЛИМОВА:

– Бұл сайысқа 3-ші рет қатысып жатырмын. Сурет салумен бастауыш сыныптан бері айналысамын. Осыдан төрт жыл бұрын көркемсурет мектебіне жазылып, шеберлігімді дамыттым.

“Наурыз бояулары” атты сайысқа 95 ұл-қыз қатысқан. Олар – 7 оқу ұясының шәкірттері. Айта кетейік, суретшілер додасы Наурыз мерекесі қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылады.

ЛЮДМИЛА ЗАЙНУТДИНОВА, “ЮНЕСКО” клубы көркемсурет мектебі директорының орынбасары:

– Сайыстағы суреттер бір-біріне ұқсамайды. Ұл-қыздар көктем мезгілін, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыз мерекесін тойлау барысын қағаз бетіне түсірген. Балалардың белсенділігі қуантты. Жерлестерімізді талантты жастардың суреттерін тамашалау үшін көрмеге шақырамыз.

Сайыста топ жарған суретшілерге грамоталар берілді. Сондай-ақ, тың туындылар салу үшін бояу үлестірілді.

 

Алдияр Айтпаев