Сайлау

Мәжіліс депутаттығына үміткер “Мұнаймаш” зауытының ұжымымен кездесті

Бүгін Мәжіліс депутаттығына үміткер Олег Иванов “Мұнаймаш” зауытының ұжымымен кездесті. Жиын барысында әр қызметкердің жұмыс орнына барып, жеке сөйлесті. Олардың бұйымтайын тыңдады, сұрақтарына жауап берді. Механикалық учаске шебері Кирилл Плесовскихті еңбекақы мәселесі алаңдатады.

КИРИЛЛ ПЛЕСОВСКИХ, “Мұнаймаш” АҚ механикалық учаске шебері:

– Мунаймаш является флагманом машиностроения, но если сравнивать по зарплате, западные фирмы которые пользуются нашим же оборудованием получают больше чем мы, производители данной продукции.

Өз кезегінде депутаттықа үміткер бұл мәселе заңнамалық түрде шешілуі керек дейді.

ОЛЕГ ИВАНОВ, Мәжіліс депутаттығына үміткер:

– Жалақыны қалыптастырудың негізгі факторы алдымен – салаға, екіншіден өңірге байланысты болып табылады. Еңбекақы инфляцияға байланысты болмауы керек. Ол үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Айта кетсек, қазіргі уақытта “Мұнаймаш” АҚ-ында 140-тан астам адам еңбек етеді. Орташа жалақы 400 мың теңгеге жуықтайды.

 

Самал Жунусова