Сайлау

Мәжіліс депутаттығына үміткер кәсіпкерлер палатасында болды

Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Олег Иванов сайлауалды жұмысын жалғастыруда. Бүгін ол облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандарымен және кәсіпкерлермен кездесті. Жиында көпшілік өңірді газдандыру мәселесін талқылады. Кейін Олег Иванов мәслихат пен мәжілістің айырмашылығына тоқталды.

ОЛЕГ ИВАНОВ, Мәжіліс депутаттығына үміткер:

– Бүгінгі кездесуге дейін біраз адаммен жүздестім. Көбісі мәжіліс пен мәслихаттың ара-жігін ажырата алмайды. Бірінші кезекте мәжіліс депутаттары жаңа заң дайындаумен айналысады. Демек, елімізде қандай заңдар пайда болса, өміріміз де сол бағытта өзгереді.

 

Алдияр Айтпаев