Құқық қорғау органдары

Құқық қорғау органының өкілдері жаңа ережені талқылады

Полиция департаментінде ведомствоаралық кеңестің жиыны өтті.
Құқық қорғау органдарының өкілдері азаптауға жол бермеу, тергеудің рұқсат етілмеген әдістері мен жедел-іздестіру қызметі және тұтастай алғанда күш құрылымдары тарапынан адам құқықтарын бұзудың алдын алу мәселесін талқылады.

Жанат Бқаев, СҚО прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры:

– Күн тәртібіндегі мәселе – қылмыстық қудалау органдарындағы бейнебақылау жүйесінің жұмысына қатысты талаптардың орындалуы. Бас прокуратура, ішкі істер министрлігі, жемқорлыққа қарсы және қаржылық агенттіктерінің бірлескен бұйрықтарымен ақпан айында полицияның қызметтік ғимараттарында және пенитенциарлық мекемелерде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу қағиадалары бекітілді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ПД әкімшілік ғимараттарында 1200-ге жуық бейнекамера орнатылған. Өткен жылы назардан тыс қалған жерлерді қамту мақсатымен тағы 44 жабдық орнатылыпты. Тергеу іс-шараларын бейнетіркеусіз жүргізу алынып тасталды. Адамдарды ішкі істер органдарына жеткізу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылуын анықтау бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Жанат Жұмабаев арнайы контингентпен жүргізіліп жатқан жұмыс және тексерулерге тоқталып өтті. Кеңеске қатысушылар өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігі туралы айтты.

Бағбан Тайымбетов, СҚО прокуроры:

– Мы сами должны предоставлять возможность им работать. Это и есть общественный контроль. Наоборот, надо его запускать, чтобы он работал активно, чтобы мы меньше ошибались.

Жиынла талқыланған тағы бір мәселе – қылмыстық процеске озық технологияларды енгізу. Бұл құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Демек, рұқсат етілмеген әдістердің алдын алуға және адам құқықтарының сақталуына ықпал етеді.