БалаларҚоғам

СҚО-да биыл жол-көлік апатынан бір бала қаза тапты

Бала және бағдаршам. Полиция қызметкерлері осындай атаумен арнайы акция өткізіп, балаларға көлік қозғалысын реттеуші көрсететін белгілерді үйретіп жатыр.
Облыста 2 айдың ішінде балалардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 1 бала қаза тауып, 5-еуі жарақат алған. Республика көлемінде қолға алынған шараның көктемгі демалыс кезінде келеңсіз жайттардың алдын алуға септігі тиеді. Мамандар жолда жүру ережелерін балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да түсіндіріп жатыр.

Жанат Мұстафина, қалалық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы:

– Осы дәріс барысында оқушыларға жол жүру ережелері түсіндіріліп, жол белгілері туралы білімдерін толықтырдық. Петропавл қаласының оқушыларына бұл шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол ережелерін кей жағдайда балалар ғана емес, ата-аналар да бұзып жатады. Осы орайда тәртіп сақшылары ересектер жағы тиісті тәртіпті ұстанып, кішіге үлгі көрсетулері қажет дейді. Статистикаға тоқтала кетейік,
облыста жыл басынан бері 33 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 62 адам жарақат алды.