Сайлау

Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің белгісі

Білімді, дана, өз сөзінде тұратын және патриот. Облыстық әйелдер күші альянсының мүшесі, білім беру орталығының директоры Аида Уәлиева депутат атанған жанда осындай қасиеттер болуы керек дейді.

АИДА УӘЛИЕВА, облыстық әйелдер күші альянсының мүшесі:

– 19 наурызда өтетін сайлау барлық қазақстандықтар үшін өте маңызды. Себебі, біз ҚР азаматы болғандықтан өзіміздің азаматтық борышымызды атқаруымыз керек. Сайлауға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Себебі, ол -біздің болашағымыз.

Білікті педагог сайлауға қатысу – азаматтық борыш деп санайды. Жалпы, әр азамат сайлауға немқұрайлы қарамай, елдің дамуына ықпал ететін науқанға бір адамдай қатысуы қажет.

АИДА УӘЛИЕВА, облыстық әйелдер күші альянсының мүшесі:

– Сол сайлауға қала, облыстан мәжіліске белсенді, өз істерінің шеберлері кандидаттықтарын ұсынуда. Сайлауда белсенді болайық. Біздің болашағымыз – өзіміздің қолымызда.

Естеріңізге сала кетейік, сайлауға небәрі 3-ақ күн қалды. Жалпы, саяси додада 550-ден астам солтүстікқазақстандық бақ сынамақ.

 

Самал Жунусова