Қоғам

Петропавлда сенбілік өтті

Ғабит Мүсіреповтің ескерткіші жазушының есімімен аталған көшеде орналасқан.
Бұл жерде шағын саябақ бар. Бүгін осы маңға қолына күрек ұстаған 10-нан аса адам жиналды. Мақсат – айналаны қардан тазарту. Кеше қалың боп жауған қар бүгін көптің күшімен әп-сәтте тазаланып қалды. Еске салайық, халық жазушысы, драматург, жерлесіміз Ғабит Мүсіреповтің дүниеге келгеніне биыл 121 жыл толып отыр.

АЙНАГҮЛ ҒАББАСОВА, “Қоғамдық даму және ақпарат” орталығының қызметкері:

– Ана мен балалар, қариялар ескерткіштің маңында демалады. Осындай сенбіліктер, таза бейсенбіліктер жиі ұйымдастырылып отырады. Жазда шаралар жиі болып тұрады. Шағын ескерткіштердің маңын назарға алған жөн.

 

Гульден Симбаева